Аймақтар
2 мин оқу 201

Әкімдік маманы өтінішті қарады...

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Алматы облысы бойынша басқармасының деректері бойынша, өткен жылдың 9 айында тұрғындарға тиісінше қызмет көрсету ережесін бұзған 24 әкімдік маманына қатысты құқықтық хаттама толтырылған. Ал 40 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған екен.</p>

Әкімдік маманы өтінішті қарады...

Тұрғындардың мемлекеттік қызмет алуға қатысты құқығы баспана кезегі мен жер телімі­не қатысты жиі бұзылып отыр. Өткен жыл ішінде облыс тұр­ғындарынан арнаулы қызмет алу­ға қатысты 70 мыңнан астам өті­ніш түссе, оның ішінен 174 өтініштің қаралу мерзімі мен орындалуына қатысты ше­шім шығарылуы қасақана шеге­ріліп, уақытын созу дерегі анық­талыпты. Жалпы, 2019 жылы Алматы облысындағы мем­лекеттік қызметшілер тарапынан заң бұзушылық жиі орын алғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ал­ма­ты облысы бойынша де­пар­таментінің өкілдері де  мәлім­деуде. Нақты айтқанда, былтыр Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 141 қылмысқа қатысы бар дерек тіркеген екен. Оның ішін­де 101 іс жемқорлыққа қа­тыс­­ты қозғалған. Яғни, сы­бай­­лас жемқорлыққа қатыс­ты күдікке ілі­ну дерегі бар­лық қыл­мыстық істердің 71,6 пайызын құрап отыр. Атап айтқанда, жыл басы­нан бері 81 пара алу оқи­ға­сы әш­кереленіп, қызмет бабын асы­ра пайдаланудың 11 дерегі анықталған. Нәтижесінде, же­келеген тұлғаға қатысты 63 қыл­­мыс­тық іс ашылып, 43 адам сот­­талған. Жауапқа тартыл­ған қыз­­меткерлер арасында 6 об­лыс­­тық деңгейдегі басшы, 5 ор­та санат­тағы лауазымды тұл­ға бар. Бү­­­гінге дейін 87 іс сотқа жібе­ріліп­­ті.

Сондай-ақ шенеуніктер тарапынан шағын және орта бизнес нысандарына қысым жасау азаймай отырған көрінеді. Дәл осындай мазмұндағы 17 шағым қабылданып, 13 лауазым иесі жауапкершілікке тартылған. 35 кәсіпкердің құқы қорғалды.

Айтпақшы, облыстағы сы­бай­лас жемқорлық деректері жиі байқалатын қызметтердің көшін әкімдік қызметкерлері бас­тап тұрғаны өкінішті. Өт­кен жылдың 11 айында ше­неу­нік­тердің па­ра алуына қа­тыс­ты 26 оқиға анық­талған. Жер қатынастары бө­лімінің қызмет­керлері де әкімдік өкіл­дерінен қа­лыс­папты, оларға қатысты 2019 жылдың желтоқсан айы­на дейін 12 дерек тіркелген. Былтыр ішкі істер органдары мен құрылыс саласында да пара алу­дың ондаған мысалы бай­қал­са, әлеуметтік қорғау қыз­метінің 8 өкілі жемқорлыққа қатысты айып­талған екен.

Алматы облысы

Бөлісу: