Теннис
1 мин оқу 140

Теннис: Рыбакина финалда ұтылды

<p style="text-align: justify;">20 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен WTA турнирінің финалына дейін жетті.</p>

Теннис: Рыбакина финалда ұтылды

Жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымдарын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз ширек финалда Бельгияның өкілі, әлемнің 17 ракеткасы Элизе Мертестен мерейі үстем болды. Есеп – 6:4, 4:6, 6:2. Ал Елена Рыбакина үздіктер тізімінде 36 орынды иеленуде.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші Кристина Плишковамен кездесті. Бұл күндері WTA рейтингінде 66 сатыға жайғасқан Чехия ойыншысын ол 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Ақтық сайыста Рыбакинаның жолы әлемнің 34 ракеткасы Екатерина Александровамен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке 6:2, 6:4 есебімен ресейлік теннисшінің жеңісімен аяқталды.  

 

Бөлісу:
Теннис: Рыбакина финалда ұтылды · Egemen Qazaqstan