Хоккей
1 мин оқу 121

Овертаймда басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан Нұр-Сұлтанның &laquo;Барыс&raquo; клубы &laquo;Барыс Аренада&raquo; Ярославльдің &laquo;Локомотив&raquo; командасымен ойнады.</p>

Овертаймда басым түсті

Кездесудің алғашқы кезеңінде «Барыс» Никита Михайлис пен Корбэн Найт соққан шайбадан кейін 2:0 есебімен алға шықты. Екінші кезең бастала сала қонақ команда жылдам шайба соғып, есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Гол авторы – Антон Ландер. Дегенмен арада 10 минут өткенде Дастин Бойд «Барыстың» үшінші голын соққан еді. Бірақ «Локомотив» хоккейшілері бір минуттан соң есепті 3:2-ге жеткізді. Үшінші кезеңде сан басымдығына ие болған қонақтар үшінші голын соғып, есепті теңестіріп кетті. Бұл жолы Стефан Да Коста мергендігімен көзге түсті. Негізгі уақыт тең аяқталған соң бәсеке овертаймға жалғасты. 62-минутта Антон Сагадеев «Локомотив» қақпасынан саңлау тауып, «Барысқа» маңызды екі ұпай әперді.

Жерлестеріміз келесі кездесуін бүгін Уфаның «Салават Юлаев» командасымен өткізеді.

Бөлісу:
Овертаймда басым түсті · Egemen Qazaqstan