Қызылордада колледж директорының орынбасары жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін «Қызылорда облысы білім асқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге азаматты итермелегені үшін күдікке ілінді. Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.