Үкімет
1 мин оқу 232
Шахрат Нұрышев Уфук Екиджиді қабылдады
<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.
Түркия Елшісі сенім громатасының көшірмесін тапсырды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 ж. қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67%-ға өсті (1,5 млрд долл). Экспорт көлемі 2 млрд долл, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларын құрады.
Бөлісу:
