Боксшылар әлемдік рейтингте жоғарылады
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой бокстағы ең атақты төрт ұйым­ның көшін бастап тұрған Дүние­­жүзілік бокс кеңесі (WBC) кеше бокс­шылардың жаңартылған рейтингін жариялады.</p>

Қазақстандық боксшылар арасында ең үздік көрсеткіш орта салмақтағы WBC Continental Americas белдігіне ие Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Ол жаңарған рейтингте үш саты жоғарылап, 10-орынға тұрақтады. Кейінгі орындарға бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas чемпионы Батыр Жүкембаев – 12, жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Виктор Коточигов – 13, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпионы Әли Ахмедов – 14, орта салмақтағы USNBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов – 20 және WBC Asia белдігінің иегері Айдос Ербосынұлы – 24 орынға көтерілді. Сондай-ақ орта салмақтағы Қанат Ислам да 24-орынға тұрақтаған.
