Аймақтар
1 мин оқу 275

Маңғыстауда республикалық дәрежедегі ескерткіштерге экспедициялар ұйымдастырылады

<p style="text-align: justify;">Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы орай, &laquo;Фараби әлемі&raquo; атты ғылыми конференция, &laquo;Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері&raquo; атты монография, Бату хан негізін қалаған Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Атырау облысында, Маңғыстау өңірінде жатқан республикалық дәрежедегі &laquo;Шопан ата&raquo;, &laquo;Қараман ата&raquo; ескерткішінде ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте белгілі болды.</p>

Маңғыстауда республикалық дәрежедегі ескерткіштерге экспедициялар ұйымдастырылады

2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясындағы мәдени іс-шаралар мен «Абай әлемі және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бөлек облыс көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Биыл сонымен қатар өнерсүйер қауым Пір-Бекет Атаның 270 жылдығына орай қалалық ақындар мүшайрасы мен Ақтау қалалық «Жыр-ғұмыр» атты кәсіби жыршы-термешілер байқауын тамашалай алады.

Қазақ халқының құнды жәдігері киіз үй түрлері, оның құрылымы, жасаушы шеберлер туралы деректер жинақталып, «Тіршілік нәрі, көненің көзі - Маңғыстау құдықтарын» зерттеу, олардың тізімін жасақтап картасын дайындау, мемлекет қорғауына алу бағыттарында кешенді іс-шаралар жасалады.

Сондай-ақ өңірлік сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, өлкетанушы Алқажан Еділхантегінің айтуынша, қазақстандық ғалымдар «Адай жылқысы» мәртебесін алу мақсатында осы жылдың соңына дейін жұмыла жұмыстанбақшы.

Бөлісу: