Қоғам
2 мин оқу 180

Жыл сайын 100 вагон жаңартылады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы &laquo;Нұрлы жол&raquo; вокзалына Беларусь Республикасының Гомель қаласында күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагоны таныстырылды.</p>

Жыл сайын 100 вагон жаңартылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Михаэль Кортюмнің айтуынша, ескі вагонды жөндеу кезінде тұтас металл шанақ пен қаңқасынан басқа бөлшектердің бәрі толықтай жаңартылды. 

«Беларусьте күрделі жөн­деу­ден өткен жолаушылар вагон толық жаңартылып, купе вагонынан плацкарт вагоны жасақталды. Вагон ішін­де енді  бейнебақылау, конди­ционер жүйесі, әрбір жолаушының отыратын орнында қуаты 220В-тық электр нүктесі, жол­серікті шақыруға арналған сиг­налды түймеше, таза су ку­лері, тоңазытқыш пен қысқа тол­қынды пеш орнатылды», деді бас директор.

Компанияның даму стра­те­гия­сының маңызды бағыт­тарының бірі – жолаушылар вагондарының тапшылығын шешу. Осы орайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондардың санына ғана емес, сапасына да көңіл бөледі. Қазіргі уақытта ескі вагондарды жөндеу кестесі әзірленген.  Вагон паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын вагондар 100 бірлікке дейін жаңартылмақ.

Жалпы 2016-2019 жылдар ара­лығында 269 вагон сатып алынды. Оның ішінде өткен жылы «Тұлпар» ЖШС вагон жасау зауытының Ресей технологиясы бойынша құрастырылған 91 жаңа вагоны бар. 2020 жылы «Тұл­пар» ЖШС-нен 118 вагон сатып алу жоспарлануда. Оның 18 данасы – 2020 жыл­дың
1 тоқсанында, ал қалған 100 данасы 2020 жылдың 4-ші тоқ­санына жоспарланған.  Сондай-ақ қызмет көрсету мерзімін ұзар­ту үшін 85 вагонды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ұлттық тасы­малдаушының вагон паркі 2200-ден асады, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» вагондарының саны 670.

Айта кетерлігі, бір вагонды күрделі жөндеуден өткізу 148 млн теңге тұрады. Ал  жаңа жолаушы вагонының құны – 400 млн теңге.

Бөлісу: