Жарнама
 
Руханият
1 мин оқу 560

Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі

<p style="text-align: justify;">Биыл қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Жуырда Қазақстан Республи&shy;касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан&raquo; атты кең көлемді мақаласы жарияланды. Сонымен қатар, Президент тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты түрде атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.</p>

Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі

Хакімнің мерейтойы­на орай, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыс­тық әмбе­бап-ғылыми кітап­хана­сын­да «Абай мұрасы» атты тұ­рақ­­ты кітап көрмесі ұйым­­дастырылды. Мұнда Абай шығармалары, ақын жай­лы жазылған кітаптар, мақа­лалар, ғылыми-зерттеу ең­бек­тері қойылған. Ой­­шыл­­дың мол мұрасына қызы­ғу­шылар аталған көр­меге көптеп келуде. Кез келген оқырман кі­­тап­­­хана­ға келіп, ұлы ақын­ның ұла­ғатты мұ­ра­лары­мен, ол туралы жазыл­ған ең­бек­­тер­мен таныса алады. Сон­дай-ақ атал­ған көр­ме қата­рын­да Пре­зидент Қасым-Жо­­март Тоқаев­тың жақын­да рес­­пуб­ликалық «Egemen Qazaq­­stan» газетінде жария­ла­нған «Абай және ХХІ ға­сыр­­дағы Қазақ­стан» мақа­ласы бар.

 Кітапхана қызметкер­лері алдағы уақыттарда Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындап, облыстың бар­лық кітапханасында челлендж эстафетасын жолдай­ды. Сондай-ақ, кітап­хана­шылар жыл бойы аталған жұмыстарды Facebook, Instagram әлеуметтік желі­леріне тұрақты түрде жария­лап тұратынын айтты. «Кітап­хананың кітап қорын­дағы құнды басылымдарды пайдалана отырып, хакім Абайдың кітаптары мен ақын туралы жазылған ең­бек­терден бекстейдж әзір­ленеді. Олар да әлеуметтік желі­лерге жыл бойы жарияланып тұратын болады. Абай поэзиясы – да­на­лықтың, махаб­бат пен адал­­дық­тың поэзи­я­сы, оның мол мұрасын жаңа­ша ұғы­ну жалғасып, кітап­ха­на өз оқырмандарына Абай мұ­расын насихат­тау жұ­мы­сын тың­ғылықты түр­де жал­ғас­ты­ра береді», дей­ді кітап­хана ди­рек­торы Эльмира Абдинова.

 

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі · Egemen Qazaqstan