Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 270

Әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды.&nbsp;Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

Сонымен қатар Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ағымдағы жылғы ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Бөлісу:
Әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды · Egemen Qazaqstan