Әлем
1 мин оқу 821

Түркияда жер сілкінісі болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 18 адам қайтыс болып, 225 адам жарақаттанған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.</span></p>

Daily Mail мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Сивридже қаласы маңындағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зілзаланың алғашқы магнитудасы 6,8 балдық болса, кейінірек 5,4-тен 3,5-ке дейінгі балдық жер сілкінісі болған.

Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, төтенше оқиға орнына құтқарушы топ жедел жіберілген.

Жер сілкінісі Түркиядан бөлек Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта байқалған.

Бөлісу: