Үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. </span></p>

26 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады.
Ақтау қаласында 26 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең қалың қар жаууы мүмкін.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде 26 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде – 23 м/с дейін жетеді.
