Саясат
1 мин оқу 480

Шетелдік көлікті тіркеу керек

<p style="text-align: justify;">Соңғы кезде Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейде тіркеуде тұрғанымен елімізде жүрген көліктерге қатысты келеңсіз жағдайлар жиілеп кетті. Көліктерді тіркетуге себеп көп.</p>

Шетелдік көлікті тіркеу керек

Атап айтар болсақ, шетелдің нө­мерімен жүрген көліктер туралы ақпарат алу қиын. Бұл Ішкі іс­тер министрлігінің жұмы­сын қиын­датады. Министр­лік ақпарат аз­дығынан қа­жет жағдайда жылдам әрі тиісті шаралар қолдана ал­майды. Сонымен бірге жол ере­­­жесіне қатысты заң бұзу­шы­лық 2019 жылы 3,5 есеге өсіп отыр. Яғни, шетелдік көлік­тер­дің заң бұзу факті­лері былтыр 27 мың­­нан 90 мыңға жеткен. Оған қоса барлық заң бұзу­шы­лық­тың 12 па­­йы­зын құ­рай­ды. Бұл көлік­терді тір­­кеу­ден өткізуге тағы бір себеп.

Мемлекет басшысы Үкі­меттің кеңейтілген отырысында еліміздегі шетелден әке­лінген көліктерді тіркеуге уақыт берілетінін хабарлады. Бұл жүргізушілерге жасалған жақсы мүмкіндік. 1 жыл қажет төлемдерін төлеп, тіркеуден өткізуге жетуі керек. Ал бұған дейінгі ереже бойынша көлікті 10 күн ішін­де тіркеуі керек еді. Алай­да көріп отырғанымыздай, көлік ие­лер­і салғырттық танытқан. Оған мемлекет территориясына кірген 200 мыңға жуық көліктің 40 мыңы ғана тіркеуден өткені дәлел. Сонымен бірге Президент тиісті атқарушы органдарға шетелден көлік әкелу ретін жүйе­лендіруді тапсырды.

Бекжан САДЫҚОВ,

Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-экономикалық зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Шетелдік көлікті тіркеу керек · Egemen Qazaqstan