Абай
1 мин оқу 321

Кемел ойлардың кемеңгері

<p style="text-align: justify;">Eл Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев&shy;тың &laquo;Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан&raquo; ат&shy;ты мақа&shy;ласы жарық көрді. Бұл еңбек &ndash; ұлы ой&shy;шыл Абайдың мол мұрасын бүкіл жұртқа паш етудің, ке&shy;меңгердің 175 жылдығын жоғары дең&shy;гей&shy;де атап өту&shy;дің кілті деп білемін.</p>

Кемел ойлардың кемеңгері

Президент бізге жол сіл­тей отыра, Абай шығар­ма­ла­­рының құндылықтарын мы­­нау дамыған заманмен са­лыс­тырады. Өркениетті ел­дердің алдында қазақ білімді, білік­ті болуын, ғылымның дамуына үлес қосуы қажет­тігін айта­­ды. Бұған барлық ел бо­лып жұмыла кірісуіміз қажет. Әсіресе күні-түні көзін телефоннан алмайтын бола­шақ ұр­пақты Абай жолымен тәрбиелеуіміз керек. Бой­ла­рына асыл мұраны сіңіру шарт. Өйткені «Жұмыла кө­тер­ген жүк қашанда жеңіл».

Жастардың бойында пат­риот­­­тық сезімді ояту, ол­ар­­дың тарихқа деген ізгі ұм­тылыстарын арттыру үшін фи­­лармония Абайдың музыка әлеміне қосқан өлшеусіз үле­сін дәріптеп келеді. Бүгінде композитордың әуезді әндері Мемлекеттік академиялық филармонияның репер­туа­рынан ойып тұрып орын алған.

Сондай-ақ Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өнер ордасының ұжымы, яғни 700 қызметкер «Көзімнің қарасы» шығармасын орындау бойынша челлендж ұйым­­дастырды. Бұл ауқымды эстафета еліміздің барлық ай­ма­­­ғында жалғасын тапты.

Кемел ойдың кемеңгері Абай Құнанбайұлының есімі ешқашан өлмек емес. Оны бүгінгі ұрпақ ұлықтай береді.

Ерлан ДАКЕНОВ,

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры

Бөлісу:
Кемел ойлардың кемеңгері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар