Абай
4 мин оқу 430

Хакім мұрасына заманауи көзқарас

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының &laquo;Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан&raquo; мақаласы күллі адамзаттық ауқымда ойлау биігіне көтерілген дана Абай ілімін бүгінгі Қазақстан халқына жаңа ұстаныммен, қазіргі замана талабына барынша бейімдеп жеткізген.</p>

Хакім мұрасына заманауи көзқарас

Жаңғыру. Өткеннен қол үзбей жаңа құндылықтарға ұмтылу. Дей тұрсақ та, өткеннің бәрі таза, кір­­шіксіз, айрылуға қимастай ар­дақ­­ты емес. Сондықтан алдымен Абай­дың өзін ашындырған, бүгін­ге де­йін қыр соңымыздан қалмай келе жатқан таптаурын, жадағай, яғ­ни жағымсыз әдет­тері­мізден бас тартуы­мыздың қажет­тілігі тайға таңба басқандай айтылған.

Мақаланың күре­та­мыр­лы тұ­­жы­­рымдарының бірі – Абай­ды оқу, ақын өлеңін жаттау. Осы ара­да қоғамымыздың бір мү­шесі ре­тінде мынадай ұсыныс сұра­нып-ақ тұр. Қазір жекелеген адамдар бол­маса, өзді­гі­нен Абай сөзін көп ешкім жаттай қоймайтыны белгілі. Ен­деше бұған ын­­та­ландыру, тіпті өр­ке­ниетті жолдармен мәжбүрлеу тәсіл­де­рін қолданған абзал. Оның бір жолы барлық мемлекеттік қыз­мет­керлердің жұмысқа орналасуда және кейіннен мерзім сайын тап­сы­ратын тест кезіндегі том-том заң­дар­дың санын сәл азайтып, оның ор­нына Абайдың 4-5 өле­ңін, қара сөз­дерін жатқа білу тала­бын енгізу. Тәжі­рибе көр­се­тіп келе жатқандай, адам сөз бен сөйлемді, мәтінді көші­ріп, ең дұ­­рысы жаттағанда ғана оның мә­ні­­не бойлай алады. Мұндай та­лап Пре­зи­дент мақаласында тағ­­дыр­шешті жайт қатарында көтеріл­ген – қа­сие­тің­нен айналайын қазақ тілін мең­геру орыстілді бауыр­ларымызға ғана емес, жанымызда жүрген өзге ұлт өкіл­дерінің игеруіне таптырмас құ­рал. Демек, Абай мұрасы арқылы ұлт­тың жаңа сапасы қалыптаспақ.

Рас, тәуелсіздігіміздің отыз жыл­­­­дығын артқа тастағанда біз ғасырларға ла­­­­йық белестерден өте білдік. Дей тұр­­­ғ­анмен, белгілі себептерге бай­­ла­­нысты негізгі күш-жігер эко­но­­ми­­калық, саяси салаларға ойы­­сып, темірқазығы Абай деп та­­ны­л­ған рухани құндылықтар екін­­ші қатарда қалып келді. Ішкі сая­­сат­та ұлт­тық жаңғырудан бұ­­рын ұлтара­лық келісім жоғары тұр­ды. Олай болуы­ның да өмір­шең талаптары бол­ды. Ел тұр­ғын­дары бүтіндей бір кезең бойы өз үкі­метінің өз тілінде сөй­ле­меуі­­не де толеранттылық таны­тты. Алайда, қазақ қоғамының, со­ның ішінде қазақ тілді қалың қауым­­­ның өзекжарды, тіпті жа­н­ай­­­­­қа­йы­ның тиісті орындарда қа­жет­ті дең­гейде естілмей қала беруі ұлт­тық жаңғыруға емес, торы­ғу­шы­лық көңіл күйге ұшы­­ратты. Одан ада­су­шылыққа, теріс әлеу­­­меттік әре­кеттерге, соның ішін­­­де шет ел­дерден келген жат ді­ни ағым­­дар мен идеологияға бой ұруы тәрізді барынша қатерлі ба­­­ғыт­­­тар­­­ға бет бұруының алдын алуы­­мыз лазым.

Бүгінгі Қазақстан дүние­жүзі­лік қоғамдас­тық­­тың ажырамас мү­шесі дә­ре­жесінде, жа­һан­дық әлем­мен қа­быс­пайтын кей­бір дағ­ды­лар мен әдет­терден ары­ла оты­рып, ұлт­­тың дамуына ке­дер­гі жа­сай­тын өт­кеннің кертарт­па тұс­­тарын ман­­сұқ­­тау арқылы жаң­­­­ғыра алады. Ке­­ре­­гемізді кері тарт­­­т­ы­рып тұр­­ған жайттар: жең ұшынан жал­ғас­қан жер­­ші­л­дік, тамыр-та­ныс­тық, ысы­­рап­­шыл­дық пен ас­там­­­шылық, даң­ғой­лық пен кер­дең­­дік, орынсыз сал­танат, қана­­ға­т­­­сыздық пен үнем­сіздік. Ен­­деше, Президенттің осы­­нау доктрина дең­гейіндегі мақа­ла-баяны өрке­ние­ттілікке емес өзім­­шілдікке, зия­­лы­лыққа емес зиян­­дыққа, па­ра­­сат­­тылық емес пасық­­тыққа, ізгі­­лік­ке емес ібілістік­ке лақ­тыра­тын мұн­дай «ғұрып­тардан» дереу құ­ты­лып, нақты мақсатқа жетуге, бі­лім алуға, сала­уатты өмір салтын ұс­тану, кәсі­би өнерді игеру, «бес дұш­па­ның­ды біліп, бес асыл іске көнуді» көз­дейтін ұлттық праг­ма­тизмге шақырады.

Осы арнада мемлекеттігімізді ны­ғай­туымыз үшін халық пен би­лік­­тің бірін-бірі естіп, біртұтас болуы қажеттігінің жариялануы жү­­рекке соншалық жағымды. Ал би­­лік­тің халық алдында есеп беруін жол­ға қоюдың бастапқы, негізгі қадамы, біздің ойымызша, алдымен жекелеген адам алдын­да есеп беру­ді қалыптастыру дер едік. Неге. Өйт­кені халық деген өте кең, жалпы ұғым. Халық «біз­ге есеп бер» деп күн­­де алаңға не­ме­­се кеңсеге жина­ла бермейтіні тү­сі­­нікті. Бүгінде қо­­ғам өмірі көр­­с­етіп отырғандай, бел­­гілі бір топ­ты, әлеуметті, яғни ха­­­лық­­тың елеу­лі бөлігін толған­ды­­­рып отыр­ған қан­дай да бір проб­ле­­ма­ларды же­ке­леген, көзі ашық, көкі­регі ояу бел­­сенді азамат­тар ортаға салып жү­ре­ді. Демек, алды­мен осын­дай санат­­тағы азамат­тар­дың үніне ден қою­­дың ресми тетігін орнату ләзім.

Абайдың аса терең, ауқымы өте кең ұлағатының бірі – Толық адам. Ақыл, қайрат, жүректі бір­дей ұс­таған жан. Мінеки, бүгінгі біз­дің қоғам­да ғана емес, анығы бар­ша әлем­де осы ұғым, осы өл­шем азайып бара жатқаны бел­гілі. Десек те, жү­регі ақ халқы­мыз заманның ең бір қиын кез­дерін­де осынау өмірлік фи­ло­со­фия­сынан айырылмағаны қуан­тады және ел келешегінің кемел екен­­дігіне қапысыз сендіреді. Мұ­­ның жарқын белгісі Ал­­маты­дағы ұшақ апаты кезінде қа­ра­­пайым қауымның, еш­­кімнің нұсқауынсыз полиция жасақ­­тары­на, құтқарушыларға ақы­сыз ыс­­тық ас пісіріп тарат­қанынан көрі­ніп, көзімізге жас алдық. Жаз­д­ағы Арыс апаты ке­зінде де халқымыз­дың жомарт жү­рек­тілігі мен бір жұды­рық­тай тұтас­тығына жаһан куә болды.

Мемлекет басшысының мақа­ла­сындағы келесі өзекті де озық пікір – Абай жылы барысында бү­кіл ха­лықтың ұлт ұстазы алдында есеп беруі. Бұл соншалық терең ма­­ғы­­налы жайт. Расында, біздер осы уақытқа дейін Абай өсиетіне қан­шалық құлақ астық, қай шамада орын­дадық, нені түсініп, нені түсін­бедік, қай кемшілігімізді, мі­ні­­міз­ді, осалдығымызды түзей ал­­дық. Міне, тура сондықтан да ұлт ұс­та­зының алдында есеп берет­ін сәтіміз келді. Ол үшін, әлбет­те Абай сөзін игеріп, Абай мұра­сын ұғы­­нып, абыздың жанын түсін­бе­йін­­ше, басқа тірліктің бәрі зая болуы ықтимал.

Мұхтар КӘРІБАЙ

Бөлісу:
Хакім мұрасына заманауи көзқарас · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар