Қоғам
1 мин оқу 380

А.Шпекбаев: 2019 жылы 1000-нан аса жемқор сотталды

<p style="text-align: justify;">2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.<br /><br /></p>

А.Шпекбаев: 2019 жылы 1000-нан аса жемқор сотталды

«Қылмыстық-құқықтық шаралардың қорытындысына тоқталайын. 1 717 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі пара алу, пара беру деректері бойынша, 1 002 лауазымды тұлға сотталды.

Былтыр 112 осындай қылмыс тоқтатылды. Келтірілген шығын - 24,6 миллиард теңге, оның 22,7 миллиарды қайтарылды», деді Шпекбаев ведомствоның 2019 жылғы қорытындысы бойынша жиында.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға сыйақы берілетінін айтты

Бөлісу:
А.Шпекбаев: 2019 жылы 1000-нан аса жемқор сотталды · Egemen Qazaqstan