Президент
1 мин оқу 330
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына хат жолдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.</p>

«Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді» деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылдап жатқан іс-шаралары туралы хабарлады.
Бөлісу:
