Хоккей
2 мин оқу 211

Жолдама үшін тартыс жалғасады

<p style="text-align: justify;">6-9 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден Олимпия ойындарының іріктеу турнирі өтеді. Осы тартыста топ жарған жалғыз ғана команда 2022 жылы Бейжіңде алауы тұтанатын ғаламдық доданың жолдамасы үшін таласа алады.</p>

Жолдама үшін тартыс жалғасады

«Барыс Аренада» төрт команда өзара күш сынасады. Атап айтсақ, жолымыз Украина, Нидер­ланд және Польша құра­ма­ла­рымен қиысады. Осы­лар­дан озған жағдайда ғана біздің жігіт­тер Олимпиада жолдамасы үшін жарысты жалғастырады. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін Андрей Скабелканың шәкірттері еш аянып қалмасы анық және де ол жоспарды жүзеге асы­ру­ға толық мүмкіндігіміз бар. Олай деуге негіз, үздіктер тізі­мінде жоғарыда аталған ко­ман­далардың барлығынан жер­лес­те­ріміз жоғары тұр. Мәселен, Ха­лықаралық шайбалы хоккей федерациясының рейтингінде Қазақстан 19-орынды иеленуде. Польша бізден үш, Украина алты саты төмен тұр. Ал Нидер­ланд 28-орынды қанағат тұтуда.

6 ақпанда отандастарымыз Украинамен шеберлік байқа­са­ды. Бірінші дивизион коман­да­лары арасындағы әлем чемпионатында біз оларды екі рет жеңгенбіз. Өз тарихында украи­налықтар Олимпиадаға бір рет қана қатысты. Келесі күні Нидерландпен кездесеміз. Қыз­ғалдақтар елі өкілдерінің спорт­тың бұл түрінде жеңіспен өріл­ген бай тарихы жоқ. Сон­дық­тан да бұл жолы да сан соқтыру айтарлықтай қиындық туғыза қоймас. 9 ақпанда Поль­шаға қарсы ойнаймыз. Түрлі жарыстарда поляктармен бірнеше мәрте жолымыз қиыс­ты. Ол бәсекелердің дені қазақс­тандықтардың пайдасына шешілді. Соңғы рет айтулы елдің өкілдерін 6:1 есебімен ойсырата ұттық. Оның үстіне, олар Олимпия ойындарына соңғы рет сонау 1992 жылы қатысты. Содан кейін қатарынан жеті рет төртжылдықтың басты бәсеке­сінен шет қалды.

Украина, Нидерланд және Польшаға қарағанда Қазақ­с­танның жағдайы әлде­қай­да жақсы. 1998 жылы Нагано Олимпиадасында хоккей­ші­ле­рі­міз ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы Туринде тоғызын­шы орынға табан тіреді. Оларға қарағанда әлем чемпионаттарына да жиі қатысып жүрміз. Сондай-ақ Азия ойындары (4 алтын+2 күміс) мен Дүниежүзілік Универсиадада (1 алтын+4 күміс+1 қола) алты реттен жеңіс тұғырына көтерілдік.

Егер Нұр-Сұлтандағы сы­нақ­­тан сүрінбей өтсек, іріктеу тур­­ни­рі­нің негізгі бөлігінде күш сына­су құрметіне ие боламыз. Бұл бәсекелер Словакия, Латвия және Норвегияда өтеді.

Бөлісу:
Жолдама үшін тартыс жалғасады · Egemen Qazaqstan