Парламент
1 мин оқу 275

Мәжілістің бюро отырысы

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.</p>

Мәжілістің бюро отырысы

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары лотереялар және лотерея қызметі мәселелеріне қатысты заң жобасын бі­рінші оқылымда талқылайды деп күті­луде. Сондай-ақ екінші оқылымда қыл­мыс­тық жолмен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) және терро­ризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын назарға алады.

Осы күні бірқатар рати­фи­ка­циялық құжат халық қалау­лы­-
ларының назарына ұсыны­лады. Олардың қатарында 2006 жылғы 6 қарашадағы Армениямен Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған са­лық салуды болдырмау және  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан және Армения уәкілетті органдары бер­ген резиденттікті растайтын ресми құ­жат­тарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы, сонымен қатар Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Бюро отырысында Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Н.Ә.Назар­баевтың 2017 жылғы 31 қаң­тар­­дағы Жол­дауын және Мемле­кет бас­шысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыр­күйек­тегі Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қалалық және ауыл­дық мектептердегі орта білім берудің сапасы. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақы­рыбында парламенттік тыңдау өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Бөлісу:
Мәжілістің бюро отырысы · Egemen Qazaqstan