Спорт
1 мин оқу 183

Балуандар Парижде белдеседі

<p style="text-align: justify;">8-9 ақпанда Парижде (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Париж татамиіне 122 елден келген 788 балуан қатысады деп жоспар&shy;лан&shy;ған. Ал бұл сында ел намысын 16 дзю&shy;дошы қорғайды.</p>

Балуандар Парижде белдеседі

Ерлер бәсекесінде Елдос Сметов пен Ғұс­ман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұ­ма­қанов пен Ер­лан Серікжанов (66 кг), Жан­сай Смағұлов пен Бе­кәділ Шаймерденов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерасыл Қажыбаев пен Ға­лым­жан Қырықбай (+100 кг) өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында Отгонцэцэг Галбадрах пен Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казю­лина (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назгүл Мара­това мен Камила Берліқаш (+78 кг) сайысқа түседі.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо феде­рациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлде­герлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

Бөлісу:
Балуандар Парижде белдеседі · Egemen Qazaqstan