Спорт
1 мин оқу 210
Анастасия Городко параллельді могулдан Еуропа Кубогында жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Францияның Тинь өңірінде фристайл-могулдан өтіп жатқан Еуропа Кубогында Анастасия Городко жеңімпаз атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>
Бұл жолы отандасымыз параллельді могул бәсекесінде (150.00 ұпай) қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орынды чехиялық Элиска Куфалова, ал үштікті Нидерланды өкілі Яннеке Бергюис түйіндеді.
Сондай-ақ дәл осы бәсекеде өнер көрсеткен екінші спортшымыз Олеся Граур 6-сатыға (60.00 ұпай) жайғасты.
Айта кетейік, Анастасия Городко өзі қатысқан барлық Еуропа Кубогы кезеңдерінде жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Бөлісу:
