Қазақстан
2 мин оқу 213

OneWeb спутниктері бар «Союз 2.1б» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 03:42-де Байқоңыр ғарыш айлағының &laquo;Союз&raquo; ЗТ старттық кешеніндегі 31-ші алаңнан &nbsp;OneWeb ғарыш аппараттары &laquo;Союз 2.1б&raquo; зымыран тасығышымен&nbsp; сәтті ұшырылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

OneWeb спутниктері бар «Союз 2.1б» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

«Біз бұл ұшырылымды «Қазақстандық старт. Ғарыш бәріне ортақ» деп атадық және біздің Қазақстанмен, Орталық Азиядағы ірі қаржы хабымен ынтымақтастығымызға арналады», - деп жазды OneWeb компаниясының басшысы Адриан Штекель компанияның twitter-дегі ресми аккаунтында. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожаның пікірінше, бұл ұшырылым қазақстандық компаниялар мен OneWeb арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ.

- Қазақстан OneWeb компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін белсенді түрде пысықтауда. Атап айтқанда, біздің құрастыру-сынау кешенінде OneWeb спутниктеріне арналған компоненттер жасау, сондай - ақ OneWeb топтарына жерде қолдау көрсету үшін біздің ғарыштық байланыс орталығының қуатын пайдалану мәселесі тұр,- деп атап өтті вице-министр.

One Web ғарыш аппараттары Жер бетін толық қамту есебінен Интернетке кең жолақты қолжетімдікті қамтамасыз етуге арналған. Әр аппараттың салмағы 150 кг-ға жуық, екі күн батареясымен жабдықталған, қызмет мерзімі-5 жыл. 34 ғарыш аппараты «Байқоңыр» ғарыш айлағына 2019 жылғы 17 желтоқсанда (6 бірлік) және 2020 жылғы 17 қаңтарда (28 бірлік) жеткізілгенін естеріңізге салып өтеміз.

Зымыран-тасығыштан бөлінетін бөліктерді қабылдауаймағындағы қауіпсіздікті бақылауды және экологиялық мониторингті «Бәйтерек«БК» және «Ғарыш-Экология» ҰЗО» қызметкерлері қамтамасыз етті. Атап айтқанда, сарапшылар қабылдау аймағында, сондай-ақ ауданға іргелес жатқан аумақтардағы ауылдарда ұшырылымға дейін және одан кейін зертханалық зерттеулер үшін сынамалар (атмосфералық ауа, қар/топырақ, ауыз су) алды.

Бөлісу:
OneWeb спутниктері бар «Союз 2.1б» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды · Egemen Qazaqstan