Қазақстан
1 мин оқу 190
Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
<div style="text-align: justify;">Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</div>

Мемлекет басшысына Үкіметтің 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалуы жайында баяндалды.
Сонымен қатар Премьер-Министр Президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның жұмыстары туралы айтты.
Бөлісу:
