Әлем
2 мин оқу 190

«Оскар» жеңімпаздары анықталды

<p style="text-align: justify;">Әйгілі Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының көптен күткен &laquo;Оскар&raquo; жүлдесін тап&shy;сыру салтанаты өтті. Оң&shy;түс&shy;тік&shy;&shy;кореялық режиссер Пон Чжун Хо&shy;&shy;ның &laquo;Па&shy;разиттер&raquo; картинасы &laquo;Үз&shy;дік фильм&raquo; номинация&shy;сы бойын&shy;ша озық деп танылды. Ағылшын ті&shy;лі&shy;нен өзге тілдегі картинаның мұ&shy;н&shy;да&shy;й айтулы жүлдеге тұңғыш рет ие болуы да айрықша жа&shy;ңалық болып отыр.</p>

«Паразиттер» – триллер элементі бар драмалық фор­­маттағы ерекше фильм. Режиссердің өзі айтпақшы, «клоундарсыз комедия немесе залымдарсыз трагедия». Күліп отырып қайғырасың, сөйте тұра зәрең зәр түбіне кетеді. Үмітке алдаусыратқан үрей бір сәт те тынығуға мұр­шаңды келтірместен қуалай береді. Әдемі көрініс пен өмір рақатын сезініп, бой жазып керілетін уақыт емес, қайткен күнде тірі қалудың амалын табу. Бей-берекетке толы тұманды, таласты, тартыс­ты күндер дәл осы күні басын тауға да, тасқа да ұрған адам­­зат басынан өтіп жатыр. Картинада бай және ке­дей отбасылардың мысалы негізінде әлеуметтік тең­сіздік мәселесі көтеріледі. Ал фильм режиссері Пон Чжун Хо «Үздік режиссер» сый­­лығымен марапатталса, көп­шілікті дүр сілкіндірген фильм бұған қоса «Үздік шет­елдік фильм» және «Ерекше сце­нарий» аталымдары бойын­ша жеңімпаз деп танылды.

Барлығы 24 аталым бо­йын­ша табысталған «Оскар» сыйлығының «Жылдың үздік фильмі» номинациясы бойын­ша биыл тоғыз туынды – «1917», «Паразиттер», «Ир­ландық», «Бірде …Голли­вуд­­та», «Джоджо атты қоян», «Не­ке хикаясы», «Кішкентай әйелдер», «Ford Ferrari-ге қар­сы» және «Джокер» фильмі сынға түскен. «Үздік әртіс» аталымы бойынша «Джо­кер» фильмінде бас ке­йіпкерді сом­даған Хоакин Феникс, «Үздік әйел рөлі» аталымы бо­йынша «Джуди» фильмінде ойнаған Рене Зелл­вегер ие болды. «Бірде …Голливудта» фильміне түс­кен Брэд Питт «Екінші пландағы үздік актер» жүл­десімен марапатталды. Бұл Брэд Питтің алғашқы олжасы емес, оған бұдан бұрын 2014 жылы «Құлдықта өткен 12 жыл» фильмінде про­­дюс­ерлерінің бірі ре­тінде «Ос­кар» сыйлығы тап­сы­рыл­ған болатын.

Бөлісу: