Парламент
1 мин оқу 161

Сенат депутаттары Әзербайжандағы парламенттік сайлау барысын бақылады

<p style="text-align: justify;">Сенатор Нұртөре Жүсіп және Мұратбай Жолдасбеков Әзербайжанда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сенат депутаттары Әзербайжандағы парламенттік сайлау барысын бақылады

Әзербайжан республикасында 9 ақпанда өткен кезектен тыс Парламент сайлауына қазақстандық сенаторлар халықаралық бақылаушы ретінде Милли Меджлистің атынан шақырту алды.

Депутаттар жалпы сайлаудың қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтті. Сенатор Н. Жүсіптің мәлімдеуінше, сайлауда дауыс берушілер мен бақылаушыларға барлық жағдай жасалды.

Аталған елдегі сайлау барысын 58 ел және 59 ұйымнан 883 халықаралық бақылаушы қадағалады.

Бөлісу:
Сенат депутаттары Әзербайжандағы парламенттік сайлау барысын бақылады · Egemen Qazaqstan