Экология
1 мин оқу 474

Алматының ауасын қалай жақсартамыз?

<p style="text-align: justify;">Алматының атмосфералық ауасын жақсарту мəселесін шешу үшін Алматы ЖЭЦ-2-ні газға көшіру немесе сүзгі орнату ойластырылуда. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі&nbsp; М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.</p>

Алматының ауасын қалай жақсартамыз?

- Əлеуметтік желілерде Алматының ауасының ластығы жөнінде қызу талқылау жүруде. Президенттің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласының ауасын жақсарту шарасының бірі ретінде, ТЭН əзірлемесі басталғанын хабарлағым келеді. Оның шеңберінде, екі нұсқа қарастырылуда: газбен жабдықтауға көшіру немесе ЖЭЦ-2-ге сүзгі орнату, - деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, жоба ТЭН-і сəуірде аяқталады.

- ТЭН аяқталғаннан кейін жобаның құны, техникалық сипаттамасы, шығарындының азаюы, барлығы туралы жұртшылыққа жеткізіледі, - деп атап өтті министр.

Бөлісу:
Алматының ауасын қалай жақсартамыз? · Egemen Qazaqstan