Туризм
1 мин оқу 323

Маңғыстау туристендіру картасының ТОП-10 тізіміне енгізілді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау &ndash; еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары аймақ ретінде танылып, Қазақстан Республикасының туристендіру картасының үздік ондығына енді. Бұл жөнінде өңір басшысы Серікбай Трұмов облыс тұрғындары алдында берген есебінде айтты.</p>

Маңғыстау туристендіру картасының ТОП-10 тізіміне енгізілді

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізінің жағалауында теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілді. 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауыныңинфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

«Нұр-Капитал» мемлекеттік бағдарламасының 30 млн теңге көлеміндегі қолдауы және кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 2019 жылдың көктемінде Шетпе селосында «Сәтті» кемпинг кешені ашылды. Инвестиция көлемі – 160 млн. теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.

Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өсті.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: