Жеңіл атлетика
1 мин оқу 133
Ел қоржынына кезекті жолдама түсті
<p style="text-align: justify;">Түркияның Анталия қаласында спорт­тық жүрістен Түркия ашық чемпио­наты аяқталды. Аталған жарыста отандастарымыз да бақ сынап, жүл­дегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.</p>

20 шақырымдық бәсекеге қазақстандық спортшы Айман Ратова қатысып, турнирдің қола жүлдегері атанды. Бұл қашықтықты ол 1:29:31 уақыт көрсеткішімен жүріп өтіп, 2020 жылы Жапонияның бас шаһары – Токиода жалауы желбірейтін жазғы Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.
Жарыста бірінші орынды украиналық Олена Собчук, екінші орынды жергілікті спортшы Мерием Бекмез иеленген. Айта кетелік, Ратованың жолдамасын қоса есептегенде, бүгінде Қазақстан құрамасында Олимпиадаға спорттың 14 түрінен 28 лицензия бар.
Бөлісу:
