Аймақтар
1 мин оқу 151
Алматыда әлі де қар көшкіні қаупі бар
<p>Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып тұр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.</p>

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қалада жауын-шашын болу мүмкіндігіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,- делінген синоптиктердің хабарламасында.
Айта кетсек, кеше де Алматы қаласы маңында қар көшкіні тіркелді.
Бөлісу:
