Медицина
2 мин оқу 145

Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?

<p style="text-align: justify;">Қытайдан тарап жатқан атышулы індеттен кейін барлық мемлекеттер шекарасын қымтап, Қытайға барып келген жандарды қайта-қайта тексеріп, әбден әлекке түсуде. Соның ішінде Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнері көрпесін тарс бүркеніп, өз алдына бір шағын мемлекет сияқты оқшауланып, жолаушылары екі аптадан бері құрлыққа шыға алмай отыр.</p>

Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?

Бұл алып кеме 20 қаңтар күні Жапонияның Иокогама порты­нан шығып, 3 ақпан күні тура сол айлаққа қайта оралған еді. Ішінде әлемнің 50 елінен жи­нал­ған 3,7 мың жолаушысы бар. Алайда лайнердегі Қытай азамат­та­­рынан коронавирустың бел­гі­­лері табылып, Иокогама порты­на зәкірін тастаған кемеден бір­де-бір жолаушының сыртқа шы­ғуына рұқсат берілмеді. Кеме жолаушыларының ішінде Қазақ­­станның төрт азаматы бар. Нақ­ты­рақ айтсақ, 8 және 12 жа­с­тағы не­мерелері бар екі әйел адам. Сая­хаттап жүрген төрт қа­зақ­стан­дық азаматтың жағ­дайын Ден­саулық сақтау минис­трі Елжан Біртанов әзірге бірқа­лып­ты деп отыр.

«Жапония денсаулық сақтау минис­трлігімен тікелей байланыс бар. Қазір оларға инфекция жұқты деген ақпарат жоқ. Кеме­дегі азаматтармен тікелей бай­ланыстамыз. Олар өздерін жақ­сы сезінеді. Арасында ауыр­ған­дар жоқ. Қазір Сыртқы істер ми­нис­трл­ігімен азаматтарымызды елге қай­тару жөнінде жұмыстар жүріп жа­тыр» дейді бұл жөнінде Е. Біртанов.

Иә, лайнердегі қазақс­тан­дық­тар қашан елге қайтуы мүм­кін? Бұл жөнінде Сыртқы істер ми­нис­­трлігінің ресми өкілі Айбек Сма­дия­ров былай дейді:

«19 ақпанда лайнерде карантин уақыты аяқталады. Сосын 2 күнге созылатын кемеден шы­ғару процесі жүргізіледі. Себе­бі кемеде 3 мыңнан астам адам бар. Олар­дың бәрін бір күн­де шығара алмайды. Егер де біздің азаматтардан коронавирус белгілері та­былмаса, олар өз жолдарымен елге қайтады. Карантин режімі бол­ғандықтан палубада қозғалыс шек­телген. Әркім өз каюталарында отыр. Қажетті медициналық қор­ғау құралдарымен, тамақпен қам­та­масыз етілген. Бізбен бай­ла­ныста. Ешқандай шағым айтып жатқан жоқ».

«Кемедегенің жаны бір...» де­­мекші, жолаушыларына қы­зы­ғы мол саяхат сыйлаймыз де­ген Diamond Princess круиз­дік лай­неріндегі жағдай осылай­ша бүкіл елді алаңдатып отыр. Қа­зақ­стандағы тиісті министр­лік­тер бұл мәселені басты назар­да ұстап, әліптің артын бақ­қан­нан басқа амалы болмай тұрғаны анық.

 1

БҰҰ CNN зерттеу орталығы коронавирус індетінің әлем елдеріне таралу картасын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бұл індеттен әлемде 1 383 а??? ?????? ??????дам қайтыс болған. Осы инфекцияны жұқтырғандардың саны 64 441-ге жетсе, 5 542 адам аталған дерттен жазылыпты. Біз осы картада көрсетілген мемлекеттердің тізімін жариялап отырмыз.

Бөлісу: