Аймақтар
3 мин оқу 655

Шәкірттері бірінші орынды берген емес

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының Созақ ауданындағы &laquo;Созақ&raquo; жалпы орта мектеп-гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бір кездері &laquo;Құдай қаласа, зейнеткерлікке шыққанша, қырық жыл бойы сабақ бере жүріп, жылына осы саланы терең меңгерген бір шәкірт тәрбиелеп, қырық жылда 40 шәкірт тәрбиелеп шығамын&raquo; деген мақсат қойған екен.</p>

Шәкірттері бірінші орынды берген емес

Содан шәкірттерінің санының көп­тігін емес, сапасын, солардың же­тіс­­тігін мақтан тұтуды мақсат еткен Роман Алауұлы оқушыларға сабақтан тыс уақытта «Жас программалаушылар» үйірмесін ашып, оқушыларды қызықтырып, пәндік олимпиадаларға дайындауға кірісіп кетіпті.

Сөйтіп бүгінге дейін сол мақса­ты­нан айнымай келе жатқан Роман 22 жыл ішінде информатика пәнінен 22 шәкірт қана емес, физика пәні бо­йынша да 32 шәкірт тәрбиелеп үлгерді. Дәріс берген шәкірттерінің әрбірі мек­теп қабырғасында жүргенде инфор­ма­тика және физика пәндері бойынша олимпиада, білім бәйгелерінде мектеп, аудан, облыс және республика көлемінде білім деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеді. «Осындай білім жа­рыстары арқылы шәкірттерімді өмір­ге бейімдеп, білімін ұштауына, бо­лашақ мамандық таңдауға көмек­те­су арқылы өзім де кәсіби деңгейде өсе отырып, педагогикалық еңбектің шы­ңына өрмеледім», дейді ол.

Соңғы 22 жыл көлемінде Роман Алау­ұлының шәкірттері аудандық пән­дік олимпиадаларда информатика және физика пәндерінен 9-11 сыныптар арасында бірінші орынды берген емес. Дайындаған шәкірттері 2000 жылдан бастап информатика пәні бо­йынша барлық облыстық пәндік олим­­пиадаларға үздіксіз қатысып, елеу­­лі жетістіктерге қол жеткізіп ке­ле­­ді.

«Біздің мектеп оқушыларының дең­гейі қала деңгейінен кем емес. Осы гим­назияның оқушылары тек аудан, облыс емес, республикалық олимпиа­далар мен байқауларда да топ жарып жүр. Бүгінгі цифрлы технология мен интернеттің дамуы ауыл мен қала ба­ла­сының білімін бір-біріне теңестіреді десек болады», дейді Роман Алауұлы ағы­нан жарылып.

Роман Қадырқұловтың өзі «7-сынып. Информатика» оқулығы мен әдістемелік жинағының авторы. Бұл – Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып, орыс тіліне аударылған оқулық. Сондай-ақ қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі «8-сынып. Ин­форматика, «3-класс. ИКТ», 9-сынып және 10-сынып жаратылыс­та­н­у-математика бағытындағы ин­фор­матика оқулықтарының, әдіс­те­­мелік жинақтарының авторы. Ұс­таз 2005 жылы облыстық «Ал­тын диск» байқауында бірінші орын алса, осы жылы облыстық «Ал­тын қор» байқауында бас жүл­де­ні иеленді. «Информатикадан олимпиадаға да­йындау – оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту және дүниетанымын кеңейту кепілі» тақы­рыбында жасаған баяндамасы «Алтын қор» жинағына енген. 2018 жылы Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің Республикалық олимпиадасында жүлделі ІІ орын иеленді.

Ол мұғалімдік жұмысын мектеп директорының ғылыми-әдіс­те­ме­лік жұмыстар жөніндегі орынба­са­ры қызметімен ұштастырып отыр­ды. Сондай-ақ мектеп-гимна­зия­ның инновациялық және экс­пери­мен­тал­дық алаңында 11 гимназия және 12 жылдық 4 эксперимент сыныбын 15 жыл бойы басқарды. Осы ке­зең­де мектептегі оқу процесін ұй­ым­­дастыру мен мұғалімдердің шығармашылығына, инновациялық про­цестерге, оқушылардың пәндік олим­­пиадасы, ғылыми шығар­ма­шы­лық жұмыстар сияқты мектептегі шы­­­ғар­машылық ізденістің шәкілі бол­ған бағыттарға тікелей жауап бер­­­ді. Соның нәтижесі болу керек, атал­ған білім ошағы соңғы алты жыл­дан бері ауданның ең үздік мекте­бі ата­нып жүр. Жыл сайын бұл мек­теп­тен 8-10 оқушы облыстық пән­дік олим­пиа­даларға қатысып отыра­ды. 2016 жылы облыстық пәндік олим­пиа­даға қа­тысқан 8 оқушының үшеуі І орын иеленді.

Азамат ОСПАНОВ,

Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы

Бөлісу: