Таным
1 мин оқу 490

Түркі мұрасын түгендеген еңбек

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдас&shy;тырылған &laquo;Тарихи құндылықтар және Қазақ мемлекеттілігі&raquo; атты семинар аясында түрколог ғалым Қаржаубай Сартқо&shy;жаұлының үш томдық &laquo;Орхон ескерткіштерінің толық атласы&raquo; және &laquo;Записки казахского тюрколога&raquo; атты туынды&shy;ларының тұсауы кесілді.</p>

Түркі мұрасын түгендеген еңбек

Маңызды шараның беташа­р сөзін айтып, тұсауы кесі­ліп жатқан туындылар жайлы көп­­шілікті хабардар еткен Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінің ректоры Ерлан Сыдықов, аталмыш кітаптар ға­лымның 40 жылдық ғылыми із­денісінің нәтижесі екенін атап өтті.

Жалпы, көлемі 120 баспа та­бақ­тан тұратын үш томдық – көне тарихымыздың куәсі, көк түркі­лердің тасқа қашап жазған мұра­ларының бүгінге жеткен ескі көзі іспеттес. Бұл еңбекте: Еуразия кіндігі Өтукен қойнауынан бастап, Қиянған жоталары, Тибет таулары, Ордас даласы, Қара мөрен, Кем, Обь дарияларының ұлан-ғайыр алқабы, Алашан құмы қатарлы көне түр­кінің табаны тиген жерлердегі байырғы бабаларымыздың барлық мұра­лары қамтылған. Деректердің дені – тұпнұсқа сызбалар кө­шір­месі, ежелгі түркілердің – тарихы, палеоэтнографиясы, салт-дәстүрі, дүниетанымын қам­тып, толық сипатталған, ғылыми сарапталған дүниелер көрінеді.

Жиналған қауым алдында бұл туындылар жайлы баянда­ма жасаған Л.Н. Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дің шығыстану кафе­драсының профессоры, тарих ғы­лымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы, аталмыш еңбек этимо­логия­лық, дүниетанымдық, этно­графиялық, тілдік тұрғыдан ұлт­тық көзқарас негізінде сұрып­талған, сонымен қатар бұған де­йінгі зерттеулерде жі­берілген 300-ге тарта қате-кем­шіліктерді қал­пына келтірген, толық түрде  соңғы рет кәсіби ұқыптылықпен құрастырылған аса құнды еңбек екенін жеткізді.

Бөлісу:
Түркі мұрасын түгендеген еңбек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар