Руханият
1 мин оқу 1,070

Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемле&shy;кеттік академиялық фи&shy;лармо&shy;ниясының &laquo;Халық әні&raquo; бөлімі &laquo;Алтай, Тарбағатай әндері&raquo; атты концерт өткізді. Кеш&shy;тің негізгі мақсаты &ndash; &laquo;Руха&shy;ни жаңғыру&raquo; бағдарламасы аясында ұлттық-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, қазақ дала&shy;сының қасиетті де киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнерінің өзіндік өрнектерін насихаттау.</p>

Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі

«Дәстүрлі ән қазақ мәде­ние­тінің сан ғасырлық құпия­сын өз қойнауында бүгіп жат­қан қойма тәрізді. Соның ішін­де Алтай, Тарбағатай әнде­рі ойдағы және қырдағы ба­уыр­лардың сағынышынан, табиғаттың әсем келбетіне де­­ген сүйіспеншіліктен туын­даған. Соның ішінде салт-дәс­түріміздің, әдет-ғұрпымыздың да көрінісі бар. Жалпы, қазақ мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі», дейді «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі Секен Сыздық.

Орындаушылық мәнері бір бөлек, шығармашылық бітімі басқа Алтай, Тарбағатай ән­дерімен қоса, «Сарыарқа» фоль­клорлық ансамблі де ав­­торлық шығармалар мен күйлерді тарту етті. Көп­ші­лік­­тің қошеметіне бөленген өнерпаздар арасында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қарагөз Гасимова же­тігенмен кон­церт­тің нақы­шын келтірсе, Мә­дениет сала­сының үздігі Шы­ғыс Ма­қан сыбызғыда өңірге тән әуенді ансамбльдің сүй­мелдеуімен ұсынды. Сон­дай-ақ Нұрай Танабаев, Күнсұлу Тұ­рлыбекова, Данияр Мұ­қан, Жазгүл Данылбаева, Жақ­сыгелді Маясаров, Айнұр Қо­нысбаева, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оң­­ғарбай қатарлы әншілер көп­шілікті ерекше әсерге бөледі.

Бөлісу:
Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі · Egemen Qazaqstan