Теннис
1 мин оқу 213

Елордада Қазақстан мен Нидерланды арасында Дэвис Кубогының іріктеу матчы өтеді

<p style="text-align: justify;">6-7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен кездеседі деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.</p>

Елордада Қазақстан мен Нидерланды арасында Дэвис Кубогының іріктеу матчы өтеді

Ел намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко қорғайды. Оларға Уэсли Кулхоф, Жан-Жульен Ройер, Робин Хаасе, Таллон Грикспур, Ботик ван де Зандшульп қарсы тұрады. Спорттық турнирдің бағдарламасына сәйкес, 29 ақпан сағат 14:00-де «Mega Silk Way» сауда орталығында жанкүйерлермен кездесу өтеді. Шара барысында балаларға арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылады. 3 наурыз сағат 12:30-да Нидерланды құрамасының, ал сағат 13:15-те Қазақстан құрамасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Жеребе 5 наурызда жоспарланған.

6 наурызда турнирдің салтанатты ашылу рәсімінен кейін 14:00-де матч басталады.

7 наурызда қос команданың кездесуі сағат 12:00-де жалғасады. Дэвис Кубогы жүз жылдан астам тарихы бар ерлер теннисіндегі ірі халықаралық командалық жарыс болып табылады. Ол 1900 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Кубоктың ағымдағы иегері - Испания құрама командасы.

Айта кетсек, Қазақстан ерлер құрамасы осы беделді турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. Былтыр Португалия командасын жеңгеннен кейін, құрама 18-24 қарашада жаңа форматта Мадридте өткен Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне өтті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы бірінші ойын күні Нидерланды командасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ Ұлыбританиядан 1:2 есебімен ұтылып, плей-оффқа шыға алмады. Өткізілгелі жатқан іріктеу ойындары қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік командаларының қатарында болуға лайықты екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Елордада Қазақстан мен Нидерланды арасында Дэвис Кубогының іріктеу матчы өтеді · Egemen Qazaqstan