Елорданың көлік компаниясы өз атауын өзгертті
<p style="text-align: justify;">«Астана LRT» ЖШС өз атауын өзгертті. Қала басшылығы серіктестіктің атауын өзгертіп, ребрендингтің тиісті шараларын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Көлік компаниясы басшысының айтуынша, бұл шешім халықаралық тәжірибеге негізделіп жасалды, ол бойынша мекеме атауы оның қызметін көрсетіндей әлемдік үрдістерге сәйкес оңтайлы болуы шарт. «Астана LRT» ЖШС-нің жаңа атауы – City Transportation Systems.
Қазақ тіліндегі аудармасы – Қалалық көлік жүйелері. «Ағылшын тіліндегі атау кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, біздің компания Халықаралық қоғамдық көлік одағының мүшесі болып табылады», - деді Бекмырза Игенбердинов.
Компания басшылығының хабарламасына сәйкес, серіктестіктің негізгі басымдықтары қоғамдық көлікті дамыту және тұтынушыларға барлық жағдайды жасау болып табылады.
