Димаш Құдайберген Жапониядағы «Джаз фестивалінде» концертін өткізеді
<p style="text-align: justify;">Димаш Құдайберген ағымдағы жылы 22-24 мамыр аралығында Жапония астанасында өтетін 19-шы Токио джаз фестиваліне қатысатындығын Іnstagram парақшасында хабарлады. 2002 жылдан бастап өтіп келе жатқан музыкалық фестивальге танымал джаз әртістері қатысады.</p>

Димаш Құдайберген өткен жылы 19 қарашада Жапонияда өтетін ABU TV Song Festival 2019 концертінде өнер көрсетіп, өнерімен әлемді тәнті еткен болатын. Азия-Тынық мұхитына кіретін елдердің үздік әншілері өнер көрсеткен бұл өнер сахнасы Димашты ерекше жағдайда қарсы алған болатын.
Токиода өтетін ән байқауына қатысуға келген Димашты Жапония әуе-жайында қазақ, жапон, қытай тілінде хабарлап қарсы алуы, әншінің әлемдегі жанкүйерлеріне қанат бітіріп, әнші репертуарындағы әндер қазақ тілінде шырқалған болатын.
