Қоғам
1 мин оқу 210

Бақ-береке – бірлікте

<p>Қазақстанның Тұңғыш Прези&shy;ден&shy;&shy;ті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан На&shy;з&shy;ар&shy;баевтың мемлекет қайрат&shy;кері ретінде тұлғалық деңгейі бей&shy;біт&shy;&shy;шілік пен келісім саясатынан айқын көрінеді. Осы саясатының ар&shy;қасында бәріміз гүлденген тұрақ&shy;ты елде өмір сүріп жатырмыз.</p>

Бақ-береке – бірлікте

Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­си шешім­дері халық бірлігіне ба­ғыт­талды. Осы саясаттың іске асуы 1995 жылы 1 наурызда Президент жанын­дағы консультативтік-ақыл­дасу органы – Қазақстан халқы Ассам­блеясының құрылуымен айқын көрінді.  Қазіргі таңда Қазақ­стан халқы Ассамблеясының күні – еліміздегі қоғамдық келісімнің тұрақты және мығым іргетасы.

2016 жылдан бастап 1 наурыз Қазақстанда ұлттық мереке – Ал­ғыс айту күні ретінде тойланады. Қазақстандықтарды осы мейірім, достық және сүйіспеншілік күнімен құт­тықтап, баршаңызға достық, сабырлық және қонақжайлық үшін алғыс айтамын!

Дмитрий ОСТАНЬКОВИЧ,

Нұр-Сұлтан қаласы,

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Радима» беларусь мәдени орталығының төрағасы

Бөлісу: