Таным
2 мин оқу 506

Салбурын – мереке ғой саятшыға

<p style="text-align: justify;">Тақырып мәлім, көркем шығарма жетерлік. Мән-мағынасын терең түйсін де мәнерлеп оқып, жүрек&shy;терге жеткізе біл. Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткен дәс&shy;түрлі &laquo;Салбурын &ndash; мереке ғой саят&shy;шыға&raquo; атты іс-шара биыл жа&shy;ңа форматта өтті.</p>

Салбурын – мереке ғой саятшыға

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Ата-бабамыздан қалған дәс­түрді кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында саятшылар мерекесі бұл жолы әл-Фара­бидің 1150 жыл­дығы және ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық ме­рейтойымен байланыстырыла көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ретінде ұйымдастырылды. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, әл-Фара­би, Абай және басқа да клас­сик­тердің шығармаларын орындау арқылы көркем әдебиетке жастардың ықыласын арттыруды мақ­сат еткен байқауда жүлделі орынға лайықтылар көп болды. Іс-шара барысында кө­рермендерге ұлы тұлғалардың өмір жо­лына және саятшылық дәстүрге қа­тысты көрме ұйымдастырылып, облыс және аудан өнерпаздары тарапынан ән-шашулар тарту етілді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ұлттық салт-дәстүрді бұқара халық арасында насихаттаудың маңыз­дылығын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Мағжан Бекеев жеңіп алса, ІІ орынға Нұрсезім Күндебай, Алуа Ке­ңесбай ие болды, ал ІІІ орынға Ас­мира Абдалиева мен Мейірхан Топан­бай лайық деп танылды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің алғыс хаты мен сертифи­каттар табыс етілді. Айта кетейік, соң­ғы жылдары өңірдің әрбір аудан, қа­ла­ларының табиғи ерекшеліктеріне сай түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Салбурын – мереке ғой саятшыға · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар