Аймақтар
3 мин оқу 8,930

«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласындағы іргелі оқу орны Yessenov University білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп келеді. Аймақтың әлеуметтік-мәдени өмірінің қозғаушы күші ретінде әрекет ететін әлеуметтік жауапты университет қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру жұмыстары мұнда жүйелі жолға қойылған. &laquo;Қоғамға қызмет&raquo; жобасын осы бағыттағы сүбелі істердің бірі деуге болады.</p>

«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы

«Қазақстан халқы Ассам­блея­сы» кафедрасының жанында 2018-2019 оқу жылынан бері студент жастардың во­лон­терлік белсенділігін қа­лып­­тастырып, аймақтағы әлеу­меттік мәселелерді шешуге ба­ғытталған «Қоғамға қызмет» ин­новациялық, оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапары барысында орталықтың қызметімен танысып, оң бағасын берген болатын.

Орталықтың қызметі волон­терлік жұмыстың не­гіз­гі салалары бойынша қоғам­дық әрекеттерді жү­зеге асы­руға бағытталған «Қо­ғамға қыз­мет» пәнінен тео­риялық жә­не тәжірибелік дәріс бе­румен байланысты. Қазіргі уа­қытта сту­денттік жобалар келі­сімшарт негізінде 20-ға жуық қала ме­кемелерінде жүзеге асырылып, 2018-2019 оқу жылында 1200 студент, 2019-2020 оқу жылында 1570 студент дәріс алуда. Әлеу­­меттік, экологиялық, мәде­ни, спорт саласындағы волон­тер­лердің 200-ден астам жобасын жүзеге асырды.

Деректерге сүйенсек, елімізде 700 мыңнан астам мүгедек жан бар. Маңғыстау облыстық әлеу­меттік қорғау органдарында 27 мың мүгедек тіркелген, оның ішін­де 5188-і – мүгедек бала, бұл мүгедектердің жалпы санының 20%-ы, сал ауруына шалдыққан – 290 бала, аутизммен ауыратын – 92 бала, Даун синдромымен ауыратын 65 бала бар. 132 қария қарттар үйінде, 33 бала арнайы балалар үйінде тұрады. Университеттің «Қоғамға қыз­мет» жобасы аясын­да студенттер мүгедек жандар мен қарттар үйіне, балалар үйіне тұ­рақты барып, өз қолғабыстарын көрсетіп келеді.

Жуырда «Қоғамға қызмет» орталығы Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының ғимаратында «Маң­ғыстау облысында Волон­терлер жылының ашылуына ар­­налған «VOLUNTEERS MANGYSTAU-2020» атты салта­нат­­ты шара ұйымдастырды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, мемле­кеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес құры­лымдардың, аймақтық БАҚ өкіл­дері, Yessenov University-дің (YU) басшылары, оқытушылары, сту­денттері, барлығы 350-ден ас­­там адам қатысқан іс-шара аясында Маңғыстау облысы ҚХА-ның Волонтерлер қозғалысы орта­лығының ашылуы, ҚХА ка­федрасының құрамындағы «Қо­ғамға қызмет» инновациялық оқу-әдістемелік орталығының қызметімен таныстырылымы өт­ті. «Қоғамға қызмет» пәні бо­йынша орындалған во­лон­терлік қызметтің әр­түр­­лі ба­­ғыт­тарындағы сту­денттік жо­­­ба­лар­дың көрмесі ұйым­дас­­­ты­рылды. Студенттер өз жұмыс­тарымен таныстырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Салтанатты жиын Н.Жан­төрин атындағы облыстық му­зы­калық-драма театрының Са­быр Адайдың «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» шы­ғар­масына негізделген әде­би қойылымымен ашылып, қа­тысушыларға «Қоғамға қыз­мет» орталығының жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Аймақтағы волонтерлер қоз­ғалысының дамуына, «Қоғамға қызмет» жобасына қолдау көр­сеткен адамдарға ізгіліктің, ру­хани келісімнің гуманистік мұ­раттарына жасаған қызметтері үшін алғыс хаттар берілді. Мүм­­кіндігі шектеулі жандарға ар­налған спорт кешенінің, даму мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тәр­биеленушілері студенттер­мен бірлесе өнер көрсетіп, соңы «Маң­­ғыс­тау волонтерлері» атты мере­келік флешмобпен аяқталды.

Қоғамға қызмет ету – бұл «кө­мек беру» ұстанымын таң­дау, әлемдегі мейірімділікті дәріп­теу, әлемді даналықпен және сүйіс­пеншілікпен толықтыру, мүм­кіндігі шектеулі жандардың мұқ­таждықтары мен қайғысына жауап беру. Ал бұл қасиеттер біз­дің халқымыздың бойында, қа­нында бар. Ақтаудағы Yessenov University студенттерінің қайы­рым­дылық, мейірімділік, ізгілік жобасын екі жыл бұрын қолға алып, жан-жақты жүргізіп келе жатқаны қуантады. Студент­тер осы екі жылдың ішінде қан­­­­­шама жарымжан және жа­быр­қау жандардың жанынан та­былып, қолтығынан демеп, көңіліне қуаныш сыйлады де­сеңізші?! Жастардың ел-жұр­тына қайырымды болуы, қор­шаған ортаға жылышырай-жана­шырлықпен қарауы – басты қажеттілік, басты қуаныш.

– Сондықтан ауқымды, ма­ңызды игі іске тек студенттер қа­уымы емес, бүкіл қоғамның мү­шелері атсалысса, мұқтаж жан­дар­ға қол ұшын созып, қандай салада болсын игілікті істер тын­­дыруға дайын болса, елі­міз­­де инклюзивті қоғам қалып­тасатыны сөзсіз, – дейді жобаға бастамашы болған оқу орнының басшысы Берік Ахметов.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы · Egemen Qazaqstan