Аймақтар
1 мин оқу 180

Трамвайда тегін жүреді

<p style="text-align: justify;">Біздің қаланың өмірін трамвай&shy;сыз көзге елестету мүмкін емес. Дүрс-дүрс тынымсыз тір&shy;ші&shy;лікке қа&shy;лалықтар та әбден үйрен&shy;ген. Өйт&shy;ке&shy;ні трамвай &ndash; облыс ор&shy;та&shy;лы&shy;ғындағы сұ&shy;ранысқа ие қо&shy;ғамдық көлік. Қала тұрғын&shy;дарына 40 жылдан аса қызмет етуде. Жал&shy;пы, трамвай күніне 47 мыңдай жо&shy;лаушыны тасымалдайды. Түнде де жүреді. Рельсті жол бойына 67 вагон шығады.</p>

Трамвайда тегін жүреді

Қазір трамвай басқармасы көлік пар­кін жаңартуда. Соңғы екі жылда Беларусь елінен дыбыссыз жүретін 20 жаңа трамвай сатып алынды. Бұған қала тұрғындары қуанышты. Биыл 1 наурыздан бастап трамвайдағы жол жүру билеттерінің бағасы арзандады. Бұған дейін бір ай бойы жүруге арналған билетті тұрғындар 6500 теңгеге сатып алса, енді оның бағасы 5 мың теңге болады.

Басқарма төрағасы Муслим Махму­довтың мәлімдеуінше, тұрғындардың трамвай қызметін пайдалануда дифференциалды жүйе түрі енгізілді. Бұл жаңашылдықтың мәні бұрын бір айға берілетін жүру билеттері әр айдың 25-і мен келесі айдың 5-і аралығында сатылатын. Енді осы аралықта трамвайдың бір айлық жол жүру билеттерін сатып алуға үлгермеген тұрғындар айдың кез келген күнінде алуына мүмкіндік бар.

Тағы бір жаңашылдық – бір жылдық жол жүру билеттері күн сайын трамвай қызметін пайдаланатын көп балалы от­ба­сыларға да беріледі. Кәсіпорын Nur Otan партиясымен бірлесіп, көп балалы от­басыларға қолдау көрсетуде.

– Қазір тұрғындардың әртүрлі әлеу­меттік санаттарына арналған билеттер шығарылады. Бұрын оқушыларға, студенттерге және зейнеткерлерге арналған арнайы билеттер болған жоқ. Алдағы айларда оқушылар мен зейнеткерлерге арналған бір айлық билет бағасы 2500 теңге, студенттердің билеттері 3 мың теңге болмақ, – дейді басқарма төрағасы.

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Трамвайда тегін жүреді · Egemen Qazaqstan