Елбасы
1 мин оқу 403
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. </span></p>

Аталған келіссөздер барысында «Астана процесінің» маңызды рөлі туралы айтылған болатын.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігін атап өтті.
Бөлісу:
