Аймақтар
1 мин оқу 814

Түркістанда ұлттық нақыштағы қонақүй салынады

<p style="text-align: justify;">Жаңа форматтағы қонақүй көлемі 2 400 шаршы метр болатын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Оның қарапайым қонақүйден айырмашылығы &ndash; батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ, туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі элементтерімен өрнектелетін болады.</p>

Түркістанда ұлттық нақыштағы қонақүй салынады

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер шеңберінде «Түркістан» ӘКК» АҚ облыс орталығының сервистік және қонақүй қызметтерінің нарығын зерттеген. Нәтижесінде болашаққа бағытталған жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын «бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды.

Жобаны іске асыру барысында қонақүй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу ескерілетіні анық. Қонақүйде 66 бөлме болмақ. Бүгінде «бутик-отель» аталып отырған нысанды «BI Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің еншілес компаниясы салады.

«Жыл сайын саны артып келе жатқан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін бутик-қонақүйі сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады», дейді «Түркістан» ӘКК» АҚ Инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Бөлісу:
Түркістанда ұлттық нақыштағы қонақүй салынады · Egemen Qazaqstan