Теннис
1 мин оқу 90

Рейтингте төмендеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Диас Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңарған рейтингінде орындарын сақтап қала алмады.</p>

Рейтингте төмендеді

Юлия Путинцева өткен айдағы рейтингпен салыстырғанда бір саты төмен сырғып, 33-орынға жайғасты. Ал Зарина Диас екі орынға төмендеп, 63-орынға тұрақтады. Биылдан бас­тап еліміздің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина бұл рейтингте орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда ол рейтингте 17-орында тұр.

Әлемдік рейтингтің көшін аустралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында румын қызы Симона Халеп болса, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеді.

Бөлісу:
Рейтингте төмендеді · Egemen Qazaqstan