Қоғам
1 мин оқу 120

Тікелей эфирде баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Қазақ радиосының &laquo;Мың алғыс&raquo; бағдарламасына Өскемен қаласынан арнайы келген бір үйдің бес баласы қатысты. Көмекке мұқтаж екендерін білгеннен кейін Қазақ радиосы оларды арнайы шақырып, жағдайын көпке жеткізуді мақсат еткен еді.</p>

Тікелей эфирде баспаналы болды

Үйдің тұңғышы Жанбота – 19 жаста. Өзінен кейінгі төрт бауырын жетектеп, мектеп бітірген соң білім алуға мұршасы да, құжат­тары да болмаған. Әкеден тірідей айы­рылса, анасы 2019 жылы қа­терлі дерттің салдарынан көз жұмған. Қос қанаты қа­йырылып, па­насыз қалған балапандар қазір өз күндерін өздері көріп жүр. Жал­дамалы пәтерде тұрады. Жанбота уа­қыт­ша жұмыс істегенімен, күн­­делікті тапқан 2-3 мың тең­гесі азық-түліктен артылмайды.

Қайырымды істерімен көп­шілікке үлгі болып жүрген «Ха­рекет» қайырымдылық қоры эфир барысында бала­ларға тосынсый жасап, баспана кілтін табыс етті. Бұл тосынсый Қазақ радио­сы­ның идеясымен, «Харекет» қо­ры, Өске­мен қаласы әкімдігі, Өскемен қаласы бі­лім бөлімінің қол­дауы­мен жүзеге асты. Осы ретте Өске­мен қаласының әкімі Жақсы­лық Мұқашұлына, Қалқаман Айымғазыұлына, Ақерке Абылай­ханқызына, Әділ Сайлаубекке, Гүлмира Мұ­ханқызына ерекше алғы­сымызды білдіреміз!

Еске сала кетсек, «Харе­кет» қоры «Мың алғыс» қа­йы­рым­ды­лық кешінде екі жыл қатарынан 6 отбасына баспана кілтін та­быс етіп, қуанышқа бөлеп еді. Бұл өнегелі үрдіс Қазақ радио­сының студиясында жалғасын тапты.

«Мың алғыс» хабары мен қайырымдылық кеші ая­сын­да бүгінге дейін 120 млн теңге көлемінде көмек көр­се­тілді. Кө­ңіл­дері мейірім мен қам­қорлыққа жүдеген ба­ла­ларға баршамыз қолдау көр­сетейік!

Бөлісу:
Тікелей эфирде баспаналы болды · Egemen Qazaqstan