Аймақтар
1 мин оқу 230

Алматы көшелері күніне екі реттен жуылатын болады

<p style="text-align: justify;">Бұл шараның қауіпсіз екенін жеткізген қаланың Жасыл экономика басқармасының басшысы Д.Ахметқалиев қала көшелері күніне екі рет жуылады, деп хабарлады.</p>

Алматы көшелері күніне екі реттен жуылатын болады

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ертеңгі және кешкі мезгілде қала көшелері тазартылып отырады, деп мәлімдеген Д.Ахметқалиев коммуналдық қызметтер түнгі кезекшілікте болатындығын жеткізді. Жол бойы, жаяу жүргіншілер жолы жуылып, залалсыздандырылады. Бұл жұмыстар сонымен бірге бау-бақтарда, демалу алаңдарында, қоғамдық орындарда жүргізіледі. Тұрмыстық қалдықтар кестеге  сәйкес шығарылады. Қоқыс жәшіктері де тазалықтан өтеді. Ал ары қарай утилизациялау мақсатында  қала тұрғындары медициналық қалдықтарды бөлек пакеттерге салуы қажет.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматы көшелері күніне екі реттен жуылатын болады · Egemen Qazaqstan