Әлем
1 мин оқу 320

Алматы мен Ташкент әлемнің арзан қалалар тізіміне ілікті

<p style="text-align: justify;">The Economist Intelligence Unit &laquo;2020 әлемдегі өмір сүру деңгейі&raquo; рейтингін жариялады. Оның барысында тұрғын үй нарығы, көлік, азық-түлік, киім, байланыс және тағы да басқа ірі мегаполистердегі адамзат қажеттіліктерінің шығыны қамтылған. Осы рейтингте Алматы мен Ташкент үш жыл қатарынан тізімнің соңында.</p>

Алматы мен Ташкент әлемнің арзан қалалар тізіміне ілікті

Әлемде ең қымбат қалалар тізімінде Гонконг пен Сингапур тұр. Бұл тізімді биылғы жылы Жапонияның Оска қаласы толықтырды. Нью-Йорк доллар бағамының түсуіне байланысты 4-ші орынға түсіп қалған, 5-ші орында Париж. Ал Швейцарияның ең қымбат саналатын Цюрих қаласы да осы қатарда.  Бұл ондыққа 10-нан 7-ші орынға көтерілген Израильдің Тель-Авив қаласы кіреді. Қалада көлік және автомобильді иелену құны көтеріліп кеткен. Рейтингте ұлттық валютасының құлдырағанына қарамастан бағалар шарықтап кеткен Мәскеу, Санкт-Петербор мен Киев 86-орында. Мамандардың бағамдауынша, Мәскеу қаласындағы бағаның өсуі ҚҚС-ке әсер етіп отыр.

Зерттеушілер мәліметі бойынша арзан қалалар тізімінде Алматы мен Ташкент көрсетіліпті: 132-ші орында. Аталған қалаларда өмір сүру Буэнос-Айрес, Пәкістанның Карачи, Венесуэланың Каракас және Үндістанның Бангалорына қарағанда арзан. Бұл қалаларда азық-түлік бағасымен қатар киім-кешек, шаштараздардың да қызметі қолжетімді көрінеді. Ал бірқатар зерттеушілер рейтингті анықтау барысында барлық экономикалық көрсеткіштер негізге алынуы қажеттігін айтады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматы мен Ташкент әлемнің арзан қалалар тізіміне ілікті · Egemen Qazaqstan