Қоғам
1 мин оқу 370
Елордада құрылыс мекемелері мен мердігер ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;">19 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин енгізілуіне байланысты елордалық Құрылыс басқармасы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасатындығын мәлімдеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.<br /><br /></p>

- Қаладағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасатындығын хабарлаймыз. Сондықтан барлықтарыңызды санитарлық-гигиеналық сақтық шараларын сақтап, сабыр танытуға шақырамыз, - деді қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Төлендиев.
Хабарламаға сәйкес құрылыс нысандарында келесідей қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн:
- Әрбір қызметкерге карантин жөнінде ақпарат беру.
- Құрылыс нысандарындағы жеке құрамды гигиеналық құралдармен, атап айтқанда медициналық бетперде, антисептикалық құралдармен және басқа дезинфекциялық жабдықтармен қамтамасыз ету.
- Қызметкерлердің денсаулығын үнемі тексерістен өткізіп, COVID -19 вирустарына тән симптомдар анықталған жағдайда, тиісті органдарға (103, 1406 нөмірлері арқылы) хабарлау.
- Бір бөлмеде адамдардың шоғырлануына шектеу қою.
- Құрылыс аумағын дербес аймақтарға бөлу.
- Құрылысшыларды тұрақты мекен жайынан құрылыс нысанына және кері қайту бағыттарын бекітіп, тұрақты тасымалдау жүйесін ұйымдастыру.
- Басқа өңірлерден келген және карантинге алынған аймақтан тыс жерде тұратын қызметкерлерді барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тұрғылықты жермен қамтамасыз ету.
- Құрылыс нысандарына бөгде адамдардың кіруіне тиым салып, қауіпсіздік шараларын күшейту.
Құрылыс басқармасы карантиндік іс-шараларға байланысты талаптар өзгертілген жағдайда қосымша хабарлайды.
Бөлісу:
