Қазақстан
1 мин оқу 202

Карантин кезінде блок-бекеттер күшейтіледі

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы карантинге байланысты бүгіннен бастап еліміздің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп блок-бекеттерді күшейтуге қатысады.</p>

Карантин кезінде блок-бекеттер күшейтіледі

Карантин аймақтарына кіру мен шығудың шектелуін қамтамасыз ету шаралары Ішкі істер министрлігінің басшылығымен ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Қарулы Күштердің Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлінуі, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі мен қызмет кезіндегі кез-келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.

Бөлісу: