Елбасы
1 мин оқу 225

Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды

<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев </span><span lang="KZ">пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде іске асырылып жатқан шараларды қолдауға шақырды.</span></p>

Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды

«Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі болып отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды. Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік»,- деді еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев.

Елбасы осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

«Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау»,- деді Елбасы.

Бөлісу:
Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды · Egemen Qazaqstan