Руханият
1 мин оқу 410

Ел несібесі еселенсін

<p style="text-align: justify;">Бабаларымыздың тасқа қашап жазған сөз&shy;дерінің бірі &laquo;Тізеліні бүк&shy;тірдік, бастыны жүгін&shy;дірдік&raquo; еді. Осы жалғыз ауыз сөзден көк түрік&shy;тердің рухының биіктігі көрінеді. Сол көк түріктер біздің бабаларымыз емес пе? Әрине одан бергі мың жылдан аса уа&shy;қыт&shy;та кәрі тарихтың беті шым-шытырық, иыр-қиыр жазуларға толды.</p>

Ел несібесі еселенсін

Халқымыз да талай тағдырлы оқиғаларды бастан кешіп, осы күнге жетті. Тіпті осы соңғы бір ғасырдағы оқиғалардың өзін салыстыра айтқанда нәубеттің, ақтаңдақтардың таразысы ауыр екен. Сондықтан ең алдымен еліміз­дің тәуелсіздігіне шүкіршілік айтамыз. Тәуел­сіздіктің отыз жылында талай істер атқарылды. Қазір енді қоғамымыз өзгеріс­тің қарсаңында тұр. Отыз жылда бір буын өзгереді. Сол өзгеріс келді. Біз қандай да бір өзгерістерден жақсылық күтетін халық­пыз. Өзгерістер жақсы жағына қарай болса екен деп тілеймін!

Дәл қазіргі жағ­дайда ел басына біраз ауыртпа­лық­­тар түсіп тұр. Мұн­дай­­­­да қазақ «көппен көр­ген ұлы той» дейді. Са­быр­­лылық танытып, әрқайсысымыз жауап­кершілік алсақ, бұл нәубеттен де құтылармыз. Бастысы, еліміз аман болып, халқымыз жан тыныштығын қайта тапса екен. Табиғаттың жаңарып, түлеп жатқан әдемі кезеңіндегі ең ұлы мереке – Наурыз мейрамымен бірге әр­бір шаңыраққа қуаныш, бақыт, береке бір-бі­рін жетелей кірсін!  Ұлыс оң болсын, елі­міздің ырыс-несібесі мол болсын!

Әнес Сарай,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бөлісу:
Ел несібесі еселенсін · Egemen Qazaqstan